Айлық есептік көрсеткіштің жойылуы қазақстандықтар алып отырған жәрдемақының көлеміне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Экономист Арман Бейсенбаевтың пікірінше, мұндай төлемдерді ең төменгі жалақы немесе күнкөріс минимумына байланыстыру - қауіпті. Өйткені мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақыларды жыл сайын индекстеу тоқтап қалуы ықтимал.
Айлық есептік көрсеткішті пайдалану өте ыңғайлы. Егер бұл индикатор жойылса, төлемдер қалай есептелетіні түсініксіз болып қалады. Әзірге мұндай ұсыныстың себебі белгісіз. Мәселен, егер жәрдемақылар ең төменгі жалақы немесе күнкөріс деңгейі бойынша, ал айыппұлдар айлық есептік көрсеткіш бойынша есесптелсе, онда халық үшін бұл тиімсіз болады. Өйткені жәрдемақы көлемі азаяды, ал айыппұлдар керісінше ұлғаяды. Сол себепті, біз асығыс қорытынды жасамай, жауапты ведомствоның қабылдайтын шешімін күтейік. Арман Бейсенбаев, экономист.
Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова Үкімет сағатында айлық есептік көрсеткішті алып тастау туралы ұсыныс жасады. Оның айтуынша, әлеуметтік төлемдерді жүргізудің бұл тәсілі ескірді. Келешекте жәрдемақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейімен немесе ең төменгі жалақымен байланыстыру қажет.
Дереккөз хабар 24. Фото: mybuh.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через