Ұлттық статбюро таратқан мәліметке қарағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) биылғы III тоқсанда 5,3% артқан.
Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді.
Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі биылғы III тоқсанның қорытындысы бойынша 9,3%-ды құрады, бұл - жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.
Айта кетейік, кедейлік деңгейі - тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы.
Қазақстан бойынша 2022 жылғы III тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 46 671 теңгені құрады.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: azh.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через