фото: youtube.com
Абу-Дабиде өтіп жатқан ХХ Халықаралық аңшылық және ат спорты көрмесінде отандық өндіруші компания саумал ұсынды.
Мұнда жылқы және жануарлар әлеміне арналған инновациялық технологиялар, кемпингтер мен саятшылыққа қажетті құралдарды көруге болады. Аңшылық және ат спортын дамытуды көздейтін көрмеге әлемнің 65 елінен 1 мың 200 компания келген. Биыл әсіресе Орталық Азия елдері көптеп қатысып жатыр. Ал қазақстандық компания саумалды неміс технологиясы бойынша өңдеп, құрғақ күйінде ұсынды.
Абдаллах Халед Мариан, компания өкілі:
- Қазақтың ұлттық бренд өнімін таныстырып тұрмыз. Қоспасыз, табиғи бие сүті. Бұл сүт ана сүтіне жақын, емдік сусын. Дәл қазіргі уақытта саумалды Әмірліктерде және Парсы шығанағы елдеріне саудалап отырмыз.
Саггаф Альхашми, көрмеге қатысушы:
- Көрменің ашылған күні-ақ арнайы барып, бірінші рет саумалдың дәмін көрдім. Маған ғана емес, көрмеге келушілердің барлығына ұнап жатыр деп ойлаймын. Жалпы бұл көрменің мақсаты да сол ғой – жаңаны тану. Атбегілік – бұрыннан келе жатқан өнер. Дәстүр жалғасуы керек, бірақ жаңғырып тұруы да маңызды.
Ақпарат дереккөзі:24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через