Абай облысында мектеп шатырын дауыл жұлып кетті

Абай облысында мектеп шатырын дауыл жұлып кетті
фото: sputnik.kz

Дауыл қазандық ғимаратының да шатырын қиратып, құбырын құлатқан

Абай облысы Бородулиха ауданы Песчанка ауылында қатты соққан дауыл мектеп шатырын жұлып кетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

"Қатты екпінді желдің салдарынан "Песчанка орта мектебі" КММ ғимаратының шатыры жұлынып кетті. Шатырдың төбесі төрт қабатты, ағаш тақтайшадан жасалған, жалпы ауданы 2898 м2", - дейді ведомство.

Дауыл қазандық ғимаратының да шатырын қиратқан. Сондай-ақ қазандықтың құбыры құлаған. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазақпарат