"7-20-25" бойынша берілетін несиенің шегі көтеріле ме?
Елімізде баспана бағасы шарықтап жатқаны белгілі. Осы орайда, "7-20-25" бағдарламасы бойынша берілетін үйлердің шекті бағасын көтеру жоспарда бар ма" деген сауалға Ұлттық банк мамандары жауап берді деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
Банк мамандарының жауабына сенсек, жыл басынан бері "7-20-25" бағдарламасы бойынша сатып алынған үйлердің орташа бағасы құжатта көрсетілген шекті бағадан 14-28% төмен болған. Сол себепті, Ұлттық банк несиенің шекті мөлшерін көтеруге негіз жоқ деген қорытындыға келіпті.
"7-20-25" бағдарламасы шеңберінде сатып алу үшін тұрғын үйдің ең жоғары құнын арттыруға негіз жоқ", - дейді банк мамандары. Олар бағдарлама қалай жүзеге асырылып жатқанын да айтып берді.
"Бағдарламада өңірлер бөлінісінде сатып алынатын тұрғын үйге 3 баға лимиті көзделген. Бұл: – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 25 миллион теңгеге дейін. Аталған 5 қалаға 2021 жылы бағдарлама бойынша берілген қарыздардың 71%-ы тиесілі. Сол 71%-несиеге сатып алынған тұрғын үйдің орташа құны 18 миллион теңге болған". – Қарағанды қаласында 20 миллион теңгеге дейін шек қойылған. Мұнда 2021 жылы несиеге сатып алынған тұрғын үйдің орташа құны 16,8 миллион теңгені құрайды; – Қалған өңірлерде несие шегі 15 миллион теңгеге дейін. Ал сатып алынған тұрғын үйдің орташа құны – 12,9 миллион теңге" - деп жазады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
https://kaz.nur.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через