«7-20-25» бағдарламасы: Жеті банкке өтініш беруге болады

«7-20-25» бағдарламасы: Жеті банкке өтініш беруге болады

Қазақстанның орнықтылық қоры «7-20-25» бағдарламасына неше банк қатысатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қордың мәліметі бойынша, биыл бұл бағдарламаны іске асыруға 100 млрд теңге бөлінген. Оның 25 млрд теңгесі алғашқы үш айда игерілуі керек.

«Бірінші тоқсанның лимиті 25 млрд теңге мөлшерінде бекітілген. Банктер соның аясында жұмыс істейді. Банктер бұл бағдарлама бойынша 2023 жылдың басынан 10 ақпанға дейін 11,2 млрд теңге несие бер», - деп жазылған қордың баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Қор өкілдері бүгінге дейін аталмыш бағдарлама бойынша өте көп өтінім түскенін еске салады.

«Әр банк өз ішкі процестеріне сай жұмыс істейді. Мәселен бұған дейінгі өтінімдерді қабалдап болғаннан кейін ғана жаңа өтінімдерді қабылдап жатыр. Лимиттер банктердің берге өтінімі бойынша беріледі. Яғни былтырғы жылдың көрсеткіштеріне талдау жасай отырып, биыл игере алатын сомаға өтінім түсіреді. Лимиттер сол өтінім бойынша белгіленеді. Бағдарламаға өтінім қабылдайтын мерзімді өзіндегі ішкі процеске қарап әр банк өзі шешеді», - деп түсіндірді қор өкілдері.

Қазақстанның орнықтылық қоры ұсынған ақпарат бойынша, қазір «7-20-25» бағдарламасына «Халық банк», ЦантрКредит» банкі, «Фридом финанс», «РБК Банк», «Еуразиялық банк», «Fortebank», «Altyn bank» қатысып жатыр.

 «7-20-25» бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасады.  

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото kalkulator.kz.