фото: pixabay.com
6 жасқа толып үлгермеген баланы мектептер қабылдай ма? Астанадағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиевке осындай сұрақ қойылды.
«Егер бала осы 2024 жылдың аяғына дейін 6 жасқа толатын болса, бірінші сыныпқа беруге болады», - деп жауап берді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, ол мұндай балалардың балабақшада қала беруіне де болатынын айтты.
«Иә, ондай балалар балабақшада қала бере алады. Алтыға толып үлгермесе, онда мектепке даярлық балабақшада жалғастыра алады», - деді Қасымхан Сенғазиев.
Дереккөз kaz.inform.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через