фото: halyq-uni.kz
55 жасқа толған және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін кеншілер арнаулы төлемді қалай алады? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова түсіндірді.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол пайдалануға дайын. (Арнаулы төлем) проактивті түрде және 4 көзден «Азаматтық үкімет» порталы арқылы бір төлеммен беріледі. Біріншіден, еңбек ресурстарының порталында жұмысшы өзінің төлем мөлшерін көре алады. Ол жеке кабинетіне кіріп, логинін теріп, авторизациядан өтеді. Осылайша, жұмыс берушіге өтініш жібереді. Екіншіден, жұмыс беруші сол өтініш арқылы еңбек шартын бұзады. Осы ақпаратты ол біздің жүйемізге енгізеді. Сол кезде біз макет даярлап, төлемдерді төлейміз, - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысында.
Сондай-ақ ведомство басшысы министрліктің ақпарат жүйесі сынақтан өткенін айтады.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через