50 мың жылда бір рет: Жерге алып комета жақындап келеді

50 мың жылда бір рет: Жерге алып комета жақындап келеді

   Күнді әр 50 мың жыл сайын айналып өтетін C/2022 E3 (ZTF) кометасы Жерге жақындап келеді. Соңғы рет аспан объектісі неандертальдықтар өмір сүрген кезде Жер үстінен ұшып өтті.

   Астрономдар С/2022 E3 (ZTF) кометасын наурыз айының басында анықтады.  Содан бері ұзақ мерзімді комета айтарлықтай жарқырап, Солтүстік Корона солтүстік шоқжұлдызының үстінен ұшып жүр.

   Комета қазір Жерден 188 миллион шақырым қашықтықта орналасқан. 2023 жылдың 1 қаңтарында ол Күнге максималды түрде жақындады, ал 1 ақпанда біздің планетамызға мүмкіндігінше жақындайды.

   Жақында ғалымдар кометаның алғашқы анық фотосуретін түсірді. Комета жуырда бізге шамамен 41,8 миллион шақырымға жақындаған кезде оны жай көзбен көруге болады.

   C/2022 E3 (ZTF) 2020 жылдың шілдесінде көзге көрінген NEOWISE кометасынан кейін  алғашқы комета болады.

   Stan.kz