Еліміздің бірқатар өңірінде сұйытылған газ бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрығында жазылған.
Енгізілгелі отырған өзгеріске сай, енді мына облыстарда сұйытылған мұнай газының құны өседі:
- Алматы қаласы – 65 теңгеден 75 теңгеге дейін;
- Алматы облысы – 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды;
- Шығыс Қазақстан облысы – 60 теңгеден 70 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 65 теңгеден 75 теңгеге дейін қымбаттайды;
- Солтүстік Қазақстан облысы - 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды;
- Абай облысы- 60 теңгеден 65 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 65 теңгеден 70 теңгеге дейін қымбаттайды.
«Қазақстанның қалған өңірлерінде СМГ-ның бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды өзгерту жоспарланбайды», - деп түсіндірме берілген агенттік бұйрығына.
Құжат 17 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.
Фото diapazon.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через