Синоптиктер Қазақстанда 3-5 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Метеорологтар мәліметінше, антициклон сілемі Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына әсер етеді. Тек батыс аймақтарда және елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда, циклон мен атмосфералық фронтал бөлімдердің әсерінен найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік өңірлерінде құмды дауыл соғып, жел күшейеді.
"Аптап сақталады, күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде +36-41 градусқа дейін, шығыста +33-39 градусқа дейін, орталықта +33-41 градусқа дейін, оңтүстікте +37-44 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +30-39 градусқа дейін күн ысиды", - делінген хабарламада.
Дереккөз tengrinews.kz. Фото /almaty.tv
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через