фото: Астана әкімдігі
Жаңа жыл түнінде бас қаламызда жүгіруден жаппай жарыс өтеді. Қатысушылар 2 мың метр қашықтықты еңсеруі тиіс, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарыс 31 желтоқсанда ботаникалық бақтан (Түркістан көшесі мен Орынбор көшесінің қиылысы) басталып, ЭКСПО-дағы бас шыршаның аумағында аяқталады. Басталуы – 21:00-де. Ал 2023 жылдың 31 желтоқсанында сағат 20:30-да жарысқа қатысушыларға пакет беріледі.
Жарыс алдында фитнес жаттықтырушыларының қатысумыен денені қыздыру мақсатында жаттығулар жасалады, түрлі бағдарламалар ұйымдастырылады.
Қатысушылар арасында жаңа жылдық лотереяның жүлделері ойнатылады. Мерекелік жарысқа қатысқан барлық тұрғын медальдармен марапатталады.
Спорттық іс-шараға ниет білдірген кез-келген азамат қатыса алады.
Жарыс аяқталғаннан кейін бас шырша маңында концерттік бағдарлама, лотерея және қатысушыларды марапаттау рәсімі өтеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через