Қалада сенбілік өткізу туралы Қазақстан ландшафтшылар қауымдастығы, ECONETWORK, Posadiderevo.kz ҮЕҰ және «Спорт туристерінің достастығы» қоғамдық ұйымы бастама көтерді.
Қоғамдық ұйымдар акцияны өткізу жайлы әлеуметтік желілерде үндеу жасады.
22 сәуір – Халықаралық Жер күні. Туған жердің қамын ойлайтын кез келді. Баум тоғайында Almaty Clean & Green экологиялық сенбілік өткізейік! Өкінішке қарай, соңғы жылдары тоғайдың аумағы қараусыз қалған. Табиғатты, тоғайды қалай күту керек екенін өзіміз көрсетейік, өзгелерге үлгі болйық! Қоршаған ортаны таза ұстайық, ағаш отырғызайық», - делінген үндеуде.
Алматы әкімдігі қоғамдық ұйымдардың 2023 жылғы 22 сәуірде сағат 10:00-де өтетін Almaty Clean & Green экологиялық акциясын өткізу жөніндегі бастамасын қолдады. Акция бүкіл қала бойынша өтеді.
Алматы әкімдігі қолғап, қап, күрек, тырмасекілді қажетті заттарды, көшеттерді беру, акцияға қатысушыларды ауыз сумен және тамақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ полигонға қоқыс шығаруды ұйымдастыру бойынша қолдау көрсетеді.
Акция барысында түрлі танымдық-ойын-сауық іс-шаралары қарастырылған, ландшафты көгалдандырудың жетекші сарапшыларынан өсімдіктерді отырғызу, атақты стрит-арт суретшілерінен суреттер салу және граффити жасау бойынша шеберлік сабақтары өтеді.
Almaty Clean & Green экологиялық акциясы барысында барлығы 5 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған.
Көшет отырғызу шарасы мына орындарда ұйымдастырылады:
Түрксіб ауданында:
Желтоқсан саябағы – «Posadiderevo.kz» ҮЕҰ қатысуымен;
Баум тоғайы - ECONETWORK қатысуымен;
Сейфуллин атындағы саябақ;
Жетісу ауданында:
Көкжиек ықшам ауданы, 23 үй – Қазақстан көгалдандырушылар қауымдастығының қатысуымен;
Солтүстік айналма жолы, 87/7 үйдің жанында;
Айнабұлақ-4 ықшам ауданы (лог);
Медеу ауданында:
Кіші Алматы өзенінің бойында («Алатау» санаторийі аялдамасы) –
«Спорттық туристер достастығы» ҮЕҰ қатысуымен;
Алатау шағын ауданы Ибрагимов көшесі бойынша (қала шекарасынан АЭА шекарасына дейін)
«Инновациялық технологиялар паркі»);
Кіші Алматы өзенінің бойымен («AB» мейрамханасынан Митина көшесіне дейін);
Думан-3 ықшам ауданындағы тау бөктерлері;
Алмалы ауданында:
Сайран көлінің шығыс жағалауында «Greenup.kz» ҚҚ қатысуымен «Таза ойындар» экологиялық акциясы өтеді:
Сайран көлінің шығыс жағалауы (Төле би көшесінен кіру);
Үлкен Алматы өзенінің жағалауы (Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейін);
Төле би көшесіндегі AZTM алаңы (Жароков көшесінің қиылысы);
Момышұлы көшесі (Шаляпин көшесінен Райымбек даңғылына дейін);
Жұбанов көшесі (Момышұлы көшесінен Садовникова көшесіне дейін);
Алатау ауданында:
Дарабоз шағын ауданы;
Үлкен Алматы өзенінің жағалауы (Рысқұлов даңғылынан Райымбек даңғылына дейін)
Қарасу шағын ауданындағы алаң, Қарасу көлі;
Бостандық ауданында:
Гагарин бульвары (Абай даңғылынан Жандосов көшесіне дейін);
әл-Фараби даңғылындағы алаң (Сырғабеков көшесінің қиылысы);
Достық саябағы Есентай өзенінің жағалауынан әл-Фараби-Тимирязев көшесіне дейін;
Наурызбай ауданында
Райымбек даңғылы бойындағы бос учаске (Алатау көшесінің батысы)
Тарғап көшесінің солтүстігіндегі бос учаске
Дала көшесі (жатақхананың артындағы бос жер).
Қай әкім көп ағаш отырғызды?
Алматы шаһарының ең жас әкімі болған Бауыржан Байбек алып қалаға бас-көз болған тұста бес ағашты кесіп тастаған мейрамханаға 50 жаңа ағаш отырғызуды міндеттеп, одан қала берді Сакура саяжолын ашып, елді елең еткізген еді.
Кезінде Бақытжан Сағынтаев Алматыны басқарған кезде бір маусымда 300 мың ағаш отырғызуды жоспарланғанын айтып, жұртқа жариялаған.
Ал Ерболат Досаев Саңынтаевтан асып түсер ме екен? Бір естігенімде, Алматыда 320 мың ағаш отырғызамын деп еді. Осыншама көшетті бір жылда отырғыза ма, әлде 5 жылда ма, ол жағын нақтыламады. Бір білерім, 2023 жылы көгалдандыруға млрд-таған қаражат бөлінбекші. Нақты аййта кетсек, 2023 жылы Алматыда 8 парк аймағын құру және реконструкциялау жоспарланған. Көкалдандыру шараларына 2023 жылғы бюджет жобасында 6,8 млрд теңге көзделген. Бұл туралы шаһар жетекшісі Ерболат Досаев Алматының қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау барысында айтқан еді. Жақсы бастама тек қағаз жүзінде қалып қоймаса болғаны.
Фото Gov.kz, hmir24.tv, zakon.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через