2034 жылғы футболдан әлем чемпионаты Қазақстанда өтпейді

2034 жылғы футболдан әлем чемпионаты Қазақстанда өтпейді
фото: stan.kz

Қазақстан 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізбейді. Мәдениет және спорт министрлігі осындай мәлімдеме жасады.

«Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық футболды дамытуға ерекше назар аударады және осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда, Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізу туралы мәселе қаралмағанын, тиісінше, чемпионатты өткізу үшін біздің еліміз өтінім беруді жоспарламағанын мәлімдейміз» делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін БАҚ беттерінде Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін Өзбекстанмен бірлесіп өтінім беруді ұсынды деген ақпарат тарады.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото stan.kz