Сөре мен кассадағы баға неге сәйкес келмейді

фото: aqshamnews.kz

       Маңғыстауда 180 кәсіпкер жауапқа тартылды. Маңғыстау облысында сауда саласындағы заң талаптарын бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Тексеру барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін негізсіз көтеру, сондай-ақ сөре мен кассадағы бағаның сәйкес келмеуі сияқты заңбұзушылықтар анықталған.
       Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменті хабарлады.
       Биылғы жылдың 10 айында үй жанындағы дүкендер, сауда желілері мен көтерме сауда нысандарының иелеріне қатысты 180 әкімшілік хаттама толтырылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 3,1 миллион теңгеден асқан.
Анықталған заңбұзушылықтардың басым бөлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асыруға қатысты. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабы бойынша 112 кәсіпкер жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 1 137 476 теңге айыппұл салынған.
       Сондай-ақ бірқатар сауда орындарында тауардың сөре бағасы мен кассадағы құны сәйкес келмеген. Кейбірінде тауар бағасы теңгемен мүлде көрсетілмеген. Бұл заңбұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабы бойынша қаралып, 68 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға салынған айыппұл көлемі 2 030 425 теңгені құрады.
       Департамент мәліметінше, кейбір кәсіпкерлер сауда ережелерін бірнеше рет бұзған.
       Тұтынушыларға ескерту: дүкен сөресіндегі баға мен кассада есептелген соманың айырмашылығын байқасаңыз, оған бейжай қарамаңыз. Тауардың бағасы туралы ақпараттың дұрыс көрсетілуін талап етуге және өз құқығыңызды қорғауға құқылысыз.? Маңғыстауда 180 кәсіпкер жауапқа тартылды
Маңғыстау облысында сауда саласындағы заң талаптарын бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Тексеру барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін негізсіз көтеру, сондай-ақ сөре мен кассадағы бағаның сәйкес келмеуі сияқты заңбұзушылықтар анықталған.
       Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменті хабарлады.
       Биылғы жылдың 10 айында үй жанындағы дүкендер, сауда желілері мен көтерме сауда нысандарының иелеріне қатысты 180 әкімшілік хаттама толтырылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 3,1 миллион теңгеден асқан.
Анықталған заңбұзушылықтардың басым бөлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асыруға қатысты. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабы бойынша 112 кәсіпкер жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 1 137 476 теңге айыппұл салынған.
       Сондай-ақ бірқатар сауда орындарында тауардың сөре бағасы мен кассадағы құны сәйкес келмеген. Кейбірінде тауар бағасы теңгемен мүлде көрсетілмеген. Бұл заңбұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабы бойынша қаралып, 68 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға салынған айыппұл көлемі 2 030 425 теңгені құрады.
       Департамент мәліметінше, кейбір кәсіпкерлер сауда ережелерін бірнеше рет бұзған.
       Тұтынушыларға ескерту: дүкен сөресіндегі баға мен кассада есептелген соманың айырмашылығын байқасаңыз, оған бейжай қарамаңыз. Тауардың бағасы туралы ақпараттың дұрыс көрсетілуін талап етуге және өз құқығыңызды қорғауға құқылысыз. Маңғыстауда 180 кәсіпкер жауапқа тартылды
       Маңғыстау облысында сауда саласындағы заң талаптарын бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Тексеру барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін негізсіз көтеру, сондай-ақ сөре мен кассадағы бағаның сәйкес келмеуі сияқты заңбұзушылықтар анықталған.
       Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменті хабарлады.
       Биылғы жылдың 10 айында үй жанындағы дүкендер, сауда желілері мен көтерме сауда нысандарының иелеріне қатысты 180 әкімшілік хаттама толтырылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 3,1 миллион теңгеден асқан.
       Анықталған заңбұзушылықтардың басым бөлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асыруға қатысты. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабы бойынша 112 кәсіпкер жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 1 137 476 теңге айыппұл салынған.
       Сондай-ақ бірқатар сауда орындарында тауардың сөре бағасы мен кассадағы құны сәйкес келмеген. Кейбірінде тауар бағасы теңгемен мүлде көрсетілмеген. Бұл заңбұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабы бойынша қаралып, 68 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға салынған айыппұл көлемі 2 030 425 теңгені құрады.
       Департамент мәліметінше, кейбір кәсіпкерлер сауда ережелерін бірнеше рет бұзған.
       Тұтынушыларға ескерту: дүкен сөресіндегі баға мен кассада есептелген соманың айырмашылығын байқасаңыз, оған бейжай қарамаңыз. Тауардың бағасы туралы ақпараттың дұрыс көрсетілуін талап етуге және өз құқығыңызды қорғауға құқылысыз.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз