Полицей теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті.
"Іс-шаралар барысында автокөлікте бейбіт тұрғындармен бірге аудандық полиция бөлімшелерінің бірінің қызметкері болғандығы анықталды. Қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайына, оның ішінде бұрынғы полиция қызметкерінің іс-әрекетіне түбегейлі құқықтық баға беріледі.
Дерек көзі: https://sputnik.kz