Пойыз билеттеріне жеңілдік енгізіліп жатыр

Пойыз билеттеріне жеңілдік енгізіліп жатыр

фото: https://pixabay.com/

Жеңілдік барлық вагон түрлеріне және қала маңындағы пойыздарға қолданылады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ ұлттық тасымалдаушы барлық бағытта пойыз билеттеріне 10%-дық жеңілдік енгізеді, деп хабарлады компания.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізілетінін хабарлайды. 2026 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін жолақы 10%-ға төмендетіледі", - делінген компания мәлімдемесінде.

Компания жеңілдік қала маңындағы пойыздарды қоса алғанда, барлық вагон түріне қолданылатынын хабарлады.

"Осылайша, жолаушылар күзгі және қысқы кезеңде жол жүру үшін билеттерді жеңілдетілген бағамен сатып ала алады", - делінген мәлімдемеде.

Билеттерді ресми сайттан және теміржол вокзалының билет кассаларынан сатып алуға болады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз