Мерекелік тарту: тауарлар тиімді бағамен

Мерекелік тарту: тауарлар тиімді бағамен

фото: azh.kz

       Республика күні қарсаңында Алматы қаласында тұрғындар үшін жағымды жаңалық бар. Қалада «Republic Day» және «Bereke Fest» атты республикалық сауда акциялары ұйымдастырылуда. 17 қазанда басталған науқан 27 қазанға дейін жалғасып, сатып алушыларға күнделікті қажетті тауарларды тиімді бағамен алуға мүмкіндік береді.

       Мерекелік жеңілдіктердің негізгі кезеңі 21–27 қазан аралығына сәйкес келеді. Осы уақыт ішінде азық-түлік пен өзге де тауар түрлеріне арнайы бағалар мен түрлі тиімді ұсыныстар қарастырылған. Бұл — отбасылық бюджетті үнемдеп, қажетті заттарды қолайлы бағамен сатып алуға қолайлы мүмкіндік.

       Ауқымды сауда науқаны Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен жүзеге асырылуда. Акцияның басты мақсаты — халықтың сұранысын қолдау, тауарлардың қолжетімділігін арттыру және отандық өнімдердің саудадағы үлесін кеңейту.

       Алматыдағы сауда орындары да осы бастамаға қосылып, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік жеңілдіктер ұсынуда. Демек, Республика күні қарсаңында мерекелік көңіл күймен қатар, сауда жасауға да тиімді кезең туып отыр.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз