Кітап оқып, сыйлық ұтып ал

Кітап оқып, сыйлық ұтып ал

фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жастар арасында кітап оқу чемпионаты басталды

 

Алматы жастары «Оқитын ұлт» жалпыұлттық марафоны аясында кітап оқу чемпионатына қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ала алады. Ол үшін ұсынылған төрт шығарманың бірін оқып, сол кітап туралы бейнерецензия дайындау қажет. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы хабарлайды Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты, деп  "Сапалы Қазақстан" порталы. .

Байқауды Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Skill All қысқамерзімді курстарының жобалық кеңсесі ұйымдастырып отыр. Оның мақсаты – жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және пікірін дәлелмен жеткізуге үйрету.

- Қатысушылар мына төрт шығарманың бірін таңдай алады: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», Олжас Сүлейменовтің «АЗ и Я», Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» және Арман Әлменбеттің «Тергеуші» кітаптары, - деп мәлімдеді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері. 

Таңдалған шығарма туралы ұзақтығы 1-3 минут болатын бейнерецензия түсіру керек. Онда кітаптың негізгі идеясын ашып, шығармадан кемінде екі мысал келтіру және жеке қорытынды жасау қажет.

Байқауға қатысу үшін тіркеліп, Instagram желісінде таңдалған кітаптың атауы мен #oqitynult хэштегі көрсетілген жазба жариялау керек. Дайын бейнерецензия да осы хэштегпен жариялануға тиіс.

Жұмыс төрт өлшем бойынша бағаланады: шығарманың мазмұнын түсіну, пікірді дәлелдеу деңгейі, ой тұжырымдарының дербестігі, баяндаудың қисындылығы мен түсініктілігі. Ең жоғары баға – 100 ұпай.

Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 400 мың теңге. Жеңімпазға 100 мың теңге, екінші орын алған екі қатысушыға 75 мың теңгеден, ал жүлделі орын иеленген тағы үш қатысушыға 50 мың теңгеден беріледі.

Фото: Алматы әкімдігі. 

Бейнерецензиялар 19 қазанға дейін қабылданады. 20-22 қазан аралығында қазылар алқасы жұмыстарды бағалайды, ал 23 қазанда қорытынды іс-шара өтіп, жеңімпаздар жарияланып, марапаттар табысталады.

Ұйымдастырушылар чемпионат жастардың классикалық және заманауи әдебиетке қызығушылығын арттырып қана қоймай, оқыған кітаптары туралы пікір алмасып, шығармаларды тереңірек талқылауға жол ашады деп сенеді.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз