Елде 100-ден асқан 300 қарт адам бар

Елде 100-ден асқан 300 қарт адам бар

фото: https://pixabay.com/

Республикада зейнетақы төлемдерін алатын жасы 100-ден асқан 300 қарт бар

Ғасыр жасаған 41 зейнеткер Алматыда тұрады

Қазақстанда зейнетақы төлемдерін алушылар арасында 100 және одан жоғары жастағы 300 азамат есепте тұр, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ең жасы үлкен қария Ұлытау облысында тұрады, ол 116 жасқа толған туған күнін атап өтті.

"Еліміздің ең ірі мегаполисінде, Алматы қаласында ең көп жүзге келген қарттар тұрады, онда 100 және одан жоғары жастағы 41 адам бар", - дейді министрлік.

Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында – Түркістан облысы 100 жастан асқан 32 адам тұрады. Үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 25 адам тұрады.

Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне:

Ұлытау облысының тұрғыны – 116 жас;

Павлодар облысы – 114 жас;

Қостанай облысы – 111 жас кірді.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз