Ақша үшін орманды отағандар ұсталды

Ақша үшін орманды отағандар ұсталды

фото: https://pixabay.com/

"Семей орманы" басшылары тергеліп жатыр

Тінту барысында бухгалтерлік құжаттама, кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар тәркіленген.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы лауазымды тұлғалар күдікке ілінді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

ҰҚК мен Бас прокуратура "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы лауазымды адамдарды тергеп жатыр.

"Іс фигуранттары ағашты жаппай заңсыз кесу және оны өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырды деп күдікке ілінді. Олар ақшалай сыйақы үшін ең өтімді орман учаскелерін кедергісіз қолжетімді еткен", - дейді комитет.

Тінту барысында бухгалтерлік құжаттама, кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз