Алматыда жас жігіт түнгі уақытта нөмерсіз көлікпен полициядан қашқан

Алматыда жас жігіт түнгі уақытта нөмерсіз көлікпен полициядан қашқан

фото: t.me/halyqstan/14247

Көлігінің нөмірін алып тастаған

Ол көлік жүргізуден шеттетіліп, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Алматыда жас жігіт түнгі уақытта көлігінің нөмірін алып тастап, қала ішінде қатты жылдамдықпен жүрген. Оның бұл ісі полиция қызметкерлерінің назарын аударды.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат 4:30 шамасында Бостандық ауданында болған. Тәртіп сақшылары мемлекеттік нөмірі жоқ Toyota көлігін байқайды.

Полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбай, қайта жылдамдығын арттырып, адам көп жүретін көшелермен тығылып, қашуға тырысқан.

"Патрульдік полиция қызметкерлері көліктің қауіпті қозғалысын тоқтатып, Ходжанов көшесінде жолын бөгеген. Рөлде Алматы қаласының 19 жастағы тұрғыны болған. Ол көлік жүргізуден шеттетіліп, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізуші бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды", – делінген ПД хабарламасында.

Полиция департаменті мұндай жағдайдың соңы ауыр зардаптарға апаруы мүмкін екенін ескертті.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз