Алматыда жасыл желекті көбейтуге бағытталған жұмыстар жалғасуда. Қала басшылығы көктемгі көгалдандырудың нәтижесін саралап, алдағы күзгі ағаш отырғызу науқанының жоспарын пысықтады.
Көктем айларында шаһардың түрлі қоғамдық орындарына мыңдаған ірі ағаш пен жүздеген мың бұта отырғызылған. Бұл жұмыстар жағалауларды, бульварлар мен демалыс орындарын қамтыды.
Жиында Қытайдың Ханчжоу қаласындағы тәжірибе де сөз болды. Алматы мамандары шетелдік әріптестердің көгалдандыру тәсілдерін зерделеп, жергілікті климатқа бейімделетін өсімдіктерді тікелей жеткізу жөнінде келісімдерге келген.
Ал күзгі науқан кезінде қаланың 37 нысанына тағы да ағаштар мен бұталар отырғызу жоспарланған. Қала әкімі көшет сапасын жіті бақылап, Алматының ауа райы мен қалалық ортаға төзімді өсімдіктерді таңдауды тапсырды.