Оқырман оянса, ұлт ойы оянады

Оқырман оянса, ұлт ойы оянады

фото: www.instagram.com

       Астанада ел көлеміндегі тұңғыш «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына өтінім қабылдау басталды.       

       Қыркүйектен келер жылдың сәуіріне дейін жалғасатын бұл ауқымды жоба оқырмандарды жасына, мамандығына қарай жеті бағытқа біріктіреді. Мектеп оқушысы мен студенттен бастап, педагог, мемлекеттік қызметші, отбасы және кез келген кітапсүйер азамат өз бағыты бойынша бақ сынай алады.

       Марафонның талабы да қарапайым емес: әр қатысушы арнайы іріктелген 330 кітаптың ішінен 15 шығарманы оқып, өз әсерімен бөліседі. Қорда қазақ және орыс әдебиетімен қатар, әлем классикасы мен заманауи бестселлерлер де бар.

       Ал көктемде оқудың нәтижесі тестілеу мен зияткерлік сайыстар арқылы сараланады. Үздіктерге ақшалай сыйлықтар қарастырылған: бірінші орынға – 600 мың, екінші орынға – 450 мың, үшінші орынға 300 мың теңге беріледі.

       Кітапты серік еткен елдің ойы сергек, сөзі салмақты. Ұлттық оқу марафоны да осы мәдениетті көпшілікке ортақ әдетке айналдыруды көздейді. Қатысу ережесі мен кітаптар тізімі « reading-nation.kz» сайтында жарияланған.

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз