«Оқитын ұлт» республикалық оқу марафоны басталды

«Оқитын ұлт» республикалық оқу марафоны басталды

фото: pexels.com

Астанада «Оқитын ұлт» республикалық оқу марафонына тіркеу басталды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Байқауға 6–10 сынып оқушылары, студенттер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер, отбасылық командалар және жасы мен мамандығына қарамастан барлық тұрғын қатыса алады. 

Қатысушылар ұсынылған тізімдегі 15 кітапты оқып, әр шығарма бойынша қысқаша пікір жазуы керек. Аймақтық кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табысталады.

 Бірінші орынға – 600 мың, екінші орынға – 450 мың, үшінші орынға 300 мың теңге беріледі.

Оқу марафоны 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылдың сәуіріне дейін қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Байқауға қатысу үшін reading-nation.kz сайты арқылы тіркелуге болады. 

 «Кітап оқитын ұлт» жобасы

Бұған дейін ел көлемінде жүзеге асқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы ұйымдастырылып, оның қорытындысы биыл  көктемде шығарылған еді. Пилоттық жоба аясында 8 ай ішінде 190 мыңға жуық адам қамтылып, шамамен 2 млн кітап оқылған, деп жазды egemen.kz. 

Жоба Шымкент қаласы мен Қарағанды, Қостанай облыстарында жүзеге асырылғаны мәлім. Бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру және Қазақстанды әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына қосу. Осы бағытта жаңа формат – кітап оқу марафоны енгізілді.

Соңғы уақытта елімізде, әсіресе шалғай елді мекендерде көп кітапхана жөнделіп, жаңадан ашылды. Олар үнемі жаңа кітаптармен толықтырылып жатыр. Соның нәтижесінде былтыр кітапханаларға барушылар саны 57 миллионға жетіп, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 4,1%-ға артқан. 

Фото: pexels.com.

 Еліміздегі әрбір үшінші оқырман — бала

Назар аударарлық жайт, еліміздегі әрбір үшінші оқырман — бала. Астана мен Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін президенттік кітапханалар ашылады. Жыл санап кітап сатып алушылар қатары да артуда. Онлайн кітап сатылымы 50%-ға өсті.
 

Қосымша ақпараттар 24 kz, egemen.kz сайттарынан алынды. 

 

 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз