Мұғалімдерді мазалауға шектеу: ата-аналар чатына регламент қойыла ма?

Мұғалімдерді мазалауға шектеу: ата-аналар чатына регламент қойыла ма?

фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/AJ_Watt

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жұмыстан тыс уақытта ұстаздарды орынсыз мазаламау жөнінде мәлімдеме жасады.

Журналистер одан ата-аналар чатына арнайы регламент бекіту жайында сұрады.

Министр алдымен мектеп оқытушыларының ауыр жүктемесі мен игі жұмысына көңіл аударғысы келетінін айтты. Мұғалім күніне кем дегенде 6 сағат аудиториямен жұмыс істейтіндіктен, бұл мәселе өте өзекті.

— Бастауыш сыныптары мен емтихан сыныптарындағы мұғалімдердің жүктемесі одан да ауыр. Әрине, сабақ біткеннен кейін де ата-аналардың жедел әрі маңызды сұрақтары болуы мүмкін. Ондай жағдайда біздің ұстаздарымыз міндетті түрде балалардың ата-аналарына хабарласып, мәселенің шешілуіне атсалысады. Бірақ кез келген ұсақ-түйекке бола, жұмыстан тыс уақытта мұғалімдерді мазаламайтын қоғамдық этиканың жаңа нормасын ұсынамын. Себебі, ұстаздарымыздың жұмыстан тыс уақытында жеке өмірі бар, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның сөзінше, мұғалімдер тынығып, зейінін қалпына келтіріп, эмоциналды түрде келесі күнге дайын келуі керек. Сондықтан министр ата-аналар қоғамдастығына мұндай үндеу жасап отыр.

Сонымен қатар, ол биыл 4,1 млн бала мектепке барғанын еске салды. Демек, 8 миллиондай ата-ана бар. Ал ұстаздар саны — 420 мың.

— Ұстаздардың жүктемесі туралы ата-аналар да ойларын айтады. Қандай мәселемен жедел хабарласу керек, қандай мәселені ертеңге қалдыруға болады — бұл норманы, этиканың жаңа стандартын бірлесіп шешеміз деп ойлаймын, — деп түйіндеді Жұлдыз Сүлейменова.

https://kaz.inform.kz/



 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз