Күздің бееркесі - елорда төрінде

Күздің бееркесі - елорда төрінде

фото: www.instagram.com

       Алдағы демалыс күндері Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.

       12 және 13 қыркүйек күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеге елордалық шаруалармен бірге еліміздің әр өңірінен келген өндірушілер қатысады. Бұл – күзгі өнімдерді тікелей өндірушілерден тиімді бағамен сатып алуға жақсы мүмкіндік.

       Жәрмеңке сөрелерінен көкөніс пен жеміс-жидектің түр-түрін, ет пен сүт өнімдерін, ұн, нан-тоқаш тағамдарын табуға болады. Сонымен қатар табиғи шырындар, тосап және күнделікті дастарханға қажетті өзге де өнімдер ұсынылады.

       Жәрмеңке екі күн бойы таңғы сағат 10-нан кешкі 7-ге дейін жұмыс істейді. Сауда орындары «Keryen Joly» сауда орталығында, Алаш тасжолының 35Б мекенжайында және «ERA» базарында, Қорғалжын тасжолының 96 мекенжайында орналасады.

       Келушілерге жәрмеңке орындарына қоғамдық көлікпен жету де ыңғайлы. Бұл бағытта №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 66, 81, 305, 307, 312 және 317 автобустары қатынайды. Күздің молшылығын сезініп, табиғи әрі жаңа өнімдерден дәм татқыңыз келсе, демалыс күндері жәрмеңкеге бас сұғып қайыңыз.

       Standard.kz

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз