Әйел қонақтан мас болып келген, емізіп отырып ұйықтап қалған.
Ақмола облысындағы Ақкөл ауданының тұрғыны баланы емізіп отырып ұйықтап қалған. Сәби тұншығып көз жұмды.
Сот материалдарына сәйкес, ол қонақтан мас болып келген. Кейін сәбиін емізіп отырып ұйықтап қалған.
Оянған кезде әйел баласының қимылсыз жатқанын байқаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер нәрестенің тұншығып қайтыс болғанын анықтаған.
Сотта әйел кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.
Сот шешімімен оған 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Дерек көзі: https://sputnik.kz