Уақыт үнін сақтаған архив

Уақыт үнін сақтаған архив

фото: ortcom.kz

         Өткенді бүгінмен жалғап, ел тарихының бағалы деректерін көздің қарашығындай сақтап отырған архивтерге қатысты. Астанада мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру мәселесі қаралып, арнайы комиссия өз шешімін шығарды. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Орталық мемлекеттік архивіне бұл мәртебені беру туралы шешім қабылданды.

       Архив – жай ғана құжат сақталатын орын емес, елдің өткені мен бүгінін жалғап тұрған тарихи жады. Оның сөрелеріндегі әрбір құжат – белгілі бір кезеңнің куәсі, ал сарғайған қағаздардың ар жағында тұтас бір дәуірдің ізі жатыр.

       Комиссия архивтердің тарихи-мәдени және ғылыми маңызын, құнды құжаттарды сақтау мен көпшілікке қолжетімді ету мүмкіндігін, сондай-ақ цифрлық және материалдық базасын назарға алған. Яғни жаңа мәртебе архивтердің ел тарихын сақтаудағы орнын айқындай түспек.

       Алдағы уақытта бұл қорларды цифрландыруға, құнды деректерді ғылыми айналымға енгізуге және архив ісін дамытуға айрықша мән берілмек. Бұл – өткеннің аманатын келер ұрпаққа жоғалтпай жеткізудің бір жолы.

       Екі архивке «Ұлттық» мәртебе 2027 жылдың алғашқы күнінен бастап беріледі. Тарихын түгендеген елдің тамыры да тереңдей түседі. Өйткені архивте сақталған әрбір дерек – ұлттың өткенінен қалған үнсіз сыр, келешекке жол сілтер құнды мұра.

       https://kaz.inform.kz/

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз