Францияда аптап ыстық пен жауын-шашынның аздығы табиғатқа салқынын тигізіп отыр. Еуропалық Одақтың Жерді бақылауға арналған «Коперник» бағдарламасы жариялаған мәліметке қарағанда, ел аумағының басым бөлігін құрғақшылық жайлаған.
Ғарыштан бақылау жүргізетін «Сентинел-үш» серігінің түсірілімдері де жағдайдың ауқымын айқын көрсеткен. Мамандардың бағалауынша, ел аумағының шамамен сексен бес пайызы құрғақшылық қаупі бар аймақ ретінде белгіленген.
Бұл көрсеткіштің жыл сайын өзгеріп отырғаны да байқалады. Бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда биыл Франциядағы құрғақшылық аймағы едәуір ұлғайған. Әсіресе өсімдік жамылғысының өзгеруі табиғаттағы ылғал тапшылығын аңғартады.
Ғарыштан түсірілген суреттерді салыстырғанда, бұрын жасыл желек басым болған көптеген өңірдің түсі біртіндеп қоңыр-сары реңкке ауысқан. Құрғақшылықтың ізі елдің батысынан солтүстігіне дейінгі кең аумақтан байқалады.
Табиғаттағы бұл өзгеріс аптап ыстық пен жауын-шашын тапшылығының салдары екенін көрсетеді. Ғалымдар ғарыштық бақылау арқылы қоршаған ортадағы осындай құбылыстарды тұрақты қадағалап, климаттық өзгерістердің әсерін бағалауда.