Димаш Құдайберген шашын ақ түске бояп алды

Димаш Құдайберген шашын ақ түске бояп алды

фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген әлемдік DIMENSIONS турының концепциясын ерекше образ арқылы қорытындылады. Өнер иесі ақшыл-сары, ақ түске жақын шаш үлгісінде жазба жариялады. Әншінің бұл образы әлеужеліде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы baribar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа образдың мәні неде?

Димаштың командасының түсіндіруінше, жаңа образ жай ғана сыртқы өзгеріс емес, DIMENSIONS концепциясының соңғы кезеңін білдіреді.

Кадрда әнші ғаламның шексіз кеңістігі аясында бейнеленген. Жұмсақ жарық оның келбетінің табиғи ерекшелігін айқындап, назарды костюмге немесе арнайы эффектіге емес, әншінің өзіне аудартады.

Ақшыл түстес шашы Димаштың бұрынғы образдарынан өзгеше екенін білдіреді.

Концепцияда Димаштың айналасындағы әр символ мағынаға ие. Командасының айтуынша, ол әншінің жүріп өткен жолын, орындаған әндерін және әр барған жаңа жерін бейнелейді.

Дегенмен бұрынғы образдар жоғалмайды. Олар Димаштың шығармашылық жолының бір бөлігі ретінде ғарыштағы жұлдызға айналады.

Жанкүйерлер пікірі

Димаштың жаңа келбеті жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсті. Кей тыңдарман әншіге қара шаш көбірек жарасатынын жазса, енді бірі жаңа образды ерекше әрі күтпеген шешім деп бағалады.

Әлжелідегі жанкүйерлердің басым бөлігі DIMENSIONS әлемдік турын асыға күтіп жүргенін жарыса жазып жатыр.

DIMENSIONS концепциясы

Димаштың командасының мәліметінше, DIMENSIONS идеясының түпкі мәні – адам әртүрлі кезең мен образдардан өтіп, соңында өзінің бастапқы болмысына қайта оралуы.

Әр өлшемнен өтіп, адам бір кездері жолға шыққан өзіне, өзінің болмысына қайта оралады, – делінген концепция сипаттамасында.

Cондықтан ақшыл шашты жаңа образ Димаштың әлемдік туры алдындағы кезекті имидждік шешімі ғана емес, DIMENSIONS концепциясының финалдық нүктесі ретінде ұсынылып отыр.

 

 

Материал baribar.kz сайтынан алынды. 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз