Шакираның концертіне шетелден 30 мың адам келеді

Шакираның концертіне шетелден 30 мың адам келеді

фото: Matt Winkelmeyer/Getty Images for The Recording Academy/spletnik.ru

Колумбиялық әнші Шакираның «Бишкек Аренада» өтетін концерті Қырғызстанға 30 мыңға жуық шетелдік турист тартып, ел экономикасына шамамен 30 миллион доллар кіріс әкелуі мүмкін. Бұл туралы Kazinform агенттігі Кабарға сілтеме жасап хабарлайды. 

Мұндай болжамды Қырғызстанның Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік агенттігінің басшысы Эдуард Кубатов айтты.

Оның сөзінше, концертке 60 мыңға жуық адам келеді, олардың жартысы — шетелдіктер. Есеп бойынша, әрбір шетелдік турист билет, тұру, көлік және логистика шығындарына Қырғызстанда шамамен 940 доллар жұмсайды.

— Шакираның концертіне келген 30 мың турист бір күнде шамамен 30 миллион доллар жұмсайды. Бұл — ел экономикасына түсетін қомақты қаржы әрі ұлттық экономиканың дамуына қосылатын елеулі үлес, — деді Кубатов.

Ол жақында ашылған «Бишкек Арена» спорттық жарыстармен ғана шектелмей, мәдени және этномәдени шаралар, музыкалық фестивальдер мен әлемдік жұлдыздардың концерттері өтетін ірі орталыққа айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік агенттік басшысының есебінше, аренада 15-20 ірі іс-шара өткізу оның 5-7 жыл ішінде өзін-өзі ақтауына және алдағы уақытта ел экономикасына қомақты үлес қосуына мүмкіндік береді.

 

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз