Бүгін еліміздің кей жерлерде +40…+44°С ыстық болады

Бүгін еліміздің кей жерлерде  +40…+44°С ыстық болады

фото: pixabay.com

14 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады. Кей жерлерде ауа температурасы +40…+44°С-қа дейін көтеріліп, өрт қаупі болжанады.

Алматы облысының солтүстігінде және Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында 14 тамызда күндіз ауа температурасы +40…+41°С-қа дейін көтеріледі, деп жазды baribar.kz.

Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде күндіз +40…+41°С өте қатты ыстық күтіледі.

Ең жоғары температура Түркістан облысында болжанып отыр. Мұнда 14 тамызда күндіз ауа +40…+44°С-қа дейін ысиды.

Шымкент пен Түркістанда да аптап ыстық болады

Шымкентте 14 тамызда күндіз ауа температурасы +40…+42°С болады деп күтіледі. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістанда күндіз ауа температурасы +40…+43°С-қа дейін көтеріледі. Мұнда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Аптап ыстық кезінде күннің ең қызған уақытында ұзақ уақыт далада болмауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кеңес беріледі.

 

Ақпарат baribar.kz сайтынан алынды. 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз