Алматыдағы Канье Уэсттің концерті: алаяқтардан қалай сақтануға болады

Алматыдағы Канье Уэсттің концерті: алаяқтардан қалай сақтануға болады

фото: pixabay.com

Концерт билеттерін тек ресми сервистер арқылы сатып алу ұсынылады. Төлемнен кейін сатып алушы ваучер алады, ол 13 тамызда автоматты түрде бірегей QR-коды бар электронды билетке ауыстырылады.

Назар аударыңыз!  13 тамызға дейін QR-коды бар дайын билет ешкімде болмайды. Сондықтан қолдан, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы «дайын билет» сату туралы ұсыныстар алаяқтық болуы мүмкін, деп ескертеді Алматы қаласының ПД..  

Билетті қайта сату да тек ресми тәртіппен жүзеге асырылады: бастапқы ваучердің күші жойылып, жаңа иесіне жаңа ваучер рәсімделеді.

Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз және ақпаратты тек ұйымдастырушылардың ресми арналары арқылы тексеріңіз.  

Әнсүйер қайымға Канье Уэст атымен танымал америкалық рэпер Ye Қазақстанда алғаш рет концерт өткізеді. Шара 2026 жылғы 14 тамызда Алматыда қаласындағы Орталық стадионда өтеді. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 14 тамызда Орталық стадионда өтетін Канье Уэсттің (YE) концерті кезінде көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік қатынасын реттеу бойынша арнайы шаралар ұйымдастырылады.

Қоғамдық көлік пен метрополитеннің жұмысы күшейтіледі.

"Байқоңыр" метро бекеті сағат 21:00-де жолаушылар үшін жабылады. Концертке келушілерге "Абай" және "Мұхтар Әуезов атындағы театр" бекеттерін пайдалану ұсынылады, деп жазды kaz.nur.kz. Метро жұмысы кемінде сағат 01:00-ге дейін, ал қажет болған жағдайда 03:00-ге дейін ұзартылады.

Концерттің өтуіне және қауіпсіздік шараларына байланысты сағат 16:00-ден бастап Орталық стадион маңында көлік қозғалысына кезең-кезеңімен шектеу енгізіледі. Қозғалыс мына көшелерде шектеледі:

  • Абай даңғылы;
  • Байтұрсынов көшесі;
  • Сәтбаев көшесі.

"Қауіпсіздік қызметтерінің шешімі бойынша жекелеген жол учаскелері ертерек жабылуы мүмкін. Оқиға орнында полиция департаментінің қызметкерлері кезекшілік атқарып, жол қозғалысын бақылауды қамтамасыз етеді және көлік кептелісінің алдын алуға көмектеседі", - делінген хабарламада.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына бағытын алдын ала жоспарлау, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану және қала орталығындағы көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеулерді ескеруге кеңес беріледі.
 

Қосымша ақпарат kaz.nur.kz сайтынан алынды. 


 

 

Читайте также

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз