Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынады
Төтенше жағдайлар кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету
Төтенше жағдайлар кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету инфрақұрылымның қирауы жағдайында жұқпалы аурулардың өршуінің алдын алуға және халық денсаулығын қорғауға бағытталған шұғыл медициналық, гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды білдіреді.
Апаттар, су тасқыны немесе қарулы қақтығыстар өмір сүру жағдайларының күрт нашарлауына әкеліп соғады, бұл санитариялық қызметтердің дереу араласуын талап етеді.

Фото: pexels.com.
Төтенше жағдайлар кезіндегі санитариялық-гигиеналық шаралар:
- сумен жабдықтауды бақылау таза ауыз суды жеткізуді ұйымдастыруды, сондай-ақ зақымдалған сумен жабдықтау желілерін гиперхлорлау мен зарарсыздындыруды қамтиды;
- азық-түлік қауіпсіздігі – төтенше жағдай аймағындағы қоймалардағы азық-түлік өнімдерін тексеру және уақытша орналастыру орталықтарында (УОО) тамақ дайындау процесін бақылау;
- қоғамдық гигиена – аумақты қоқыстан тазарту, уақытша дәретханалар мен душ кабиналарын орнату және биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату.
Төтенше жағдайлар кезіндегі эпидемияға қарсы шаралар:
- эпидемиологиялық қадағалау – зардап шеккен аймақтағы аурулардың сипаты туралы деректерді үздіксіз жинау;
- ауру жағдайларын белсенді түрде анықтау – үйлерді аралау, босқындар лагерлері мен уақытша орналастыру орталықтарындағы (бұдан әрі - УОО) халақтың дене қызуын тексеру;
- оқшаулау және ауруханаға жатқызу – инфекция белгілері байқалған адамдарды арнайы мобильді ауруханаларға дереу бөліп орналастыру;
- шұғыл профилактика – эпидемиологиялық көрсеткіштер негізіндегі жаппай вакцинация (мысалы, А гепатитіне, іш сүзегіне, тырысқаққа қарсы) және халыққа бактериофагтарды қолдану.
Төтенше жағдай кезіндегі шектеу шаралары:
- бақылау – төтенше жағдай аймағына кіру мен одан шығуды шектеу, сондай-ақ ондағы медициналық бақылауды күшейту;
- карантин – периметрді күзетуге әскерилендірілген бөлімшелерді тарта отырып, инфекция ошағын толық оқшаулау;
- бұқаралық жиындарға тыйым салу – базарлардың, мектептер мен ойын-сауық орындарының жұмысын уақытша тоқтату.
Төтенше жағдайлар кезіндегі залалсыздандыру шаралары:
- дезинфекция – инфекция ошағында көлік құралдарын, тұрғын үй-жайларды, құдықтар мен киім-кешекті залалсыздандыру;
- дезинсекция – ауру тарататын жәндіктерді (масалар, кенелер, биттер) жою;
- дератизация – туляремия, лептоспироз және оба ауруларының алдын алу мақсатында су басқан немесе қираған аумақтарда кеміргіштерді жою.
Спикер - Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қалықова Әсел Тоқанқызы