Қазақстанға бағытталған қытай капиталы

Қазақстанға бағытталған қытай капиталы

фото: https://altyalash.kz

      Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық серіктестік жаңа кезеңге қадам басты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесуде инвестициялық ынтымақтастықтың қарқыны артып келе жатқанын атап өтті.

       Соңғы жылдары Қытай капиталының қатысуымен елімізде өнеркәсіп, химия, агроөңдеу және машина жасау бағытындағы ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастамалар жаңа өндіріс орындарын ашып қана қоймай, заманауи технологияларды енгізуге және қазақстандық мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

        Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара сенім мен стратегиялық әріптестік іскерлік байланыстың нығаюына негіз болғанын айтты. Оның сөзінше, алдағы кезеңде газ-химия, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, тоқыма өнеркәсібі және автокөлік өндірісі салаларында бірлескен жобалардың саны арта түседі.

       Сарапшылардың пікірінше, мұндай инвестициялық жобалар экономиканы әртараптандыруға, өңірлердегі жұмыспен қамтуды арттыруға және Қазақстанның өндірістік әлеуетін күшейтуге ықпал етеді.

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз