Өзбекстанда бесем дүниеге келді

Өзбекстанда бесем дүниеге келді

фото: Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі/Kazinform

6 шілдеде Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы № 2 перзентханада бесем дүниеге келді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кеше Әндіжан қаласындағы «Қайрағочтош» махалласының тұрғыны Наргиз Бекжонова перзентханаға жатқызылып, оған кесір тілігі жасалды.

Босану білікті акушер-гинеколог, неонатолог және реаниматологтардың бақылауымен сәтті өтті. Сәбилердің үшеуі — қыз, екеуі — ұл.

Өзбекстанда бесем дүниеге келді

Фото: Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі

Кейін ана мен сәбилер Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталығының Әндіжан облыстық филиалына ауыстырылды.

— Қазіргі уақытта сәбилер мен анасының денсаулығы жақсы. Олар білікті медицина қызметкерлерінің бақылауында, — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, таяуда Қытайдың Ухань қаласындағы перзентханалардың бірінде 24 жастағы Дилхумар Мәметжан өмірге бесем әкелген еді. 

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз