Оң рөлді көліктерге тыйым салына ма?

Оң рөлді көліктерге  тыйым салына ма?

фото: https://sn.kz

       Қазақстанда рөлі оң жақтағы автокөліктерді қалааралық жолаушылар тасымалында пайдалануға тыйым салу мәселесі қаралып жатқан жоқ.

       Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, 2007 жылдан бері елімізге рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынған. Сондықтан басты міндет – қолданыстағы шектеудің сақталуын бақылау.

       Министр жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесі Ішкі істер министрлігінің құзыретіне де кіретінін айтып, қалааралық тасымалда мұндай көліктерге қосымша тыйым енгізу мәселесіне қатысты сұрақты осы ведомствоға жолдауды ұсынды.

       Оның сөзінше, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өз құзыреті аясында қажетті шараларды қабылдап қойған.

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз