Барлық зауытта жалпы 150-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды
Астанада қала күніне орай үш жаңа өндіріс орны ашылды.
Үшеуі де индустриялық паркте орналасқан. Олар:
1.пластикалық медициналық бұйымдар шығаратын Heart Center Foundations зауыты. Құны - 4,155 млрд теңге, жұмыс орындарының саны - 54;
2.жылу агрегаттарын өндіретін Nomad Tech Engineering зауыты. Жоба құны - 2 млрд теңге. 40 жұмыс орны ашылды;
3.полипропиленнен блокты-модульді тазарту құрылысын (ЛОС, КОС) шығаратын TAZAU зауыты. Құны- 510 млн теңге. Жұмыс орындарының саны - 60.
Осылайша, барлық үш зауытта 150-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал өнімдерді ішкі нарықта ғана емес, сыртқа да шығару жоспарланып отыр.
Дерек көзі: https://sputnik.kz