Ақмола облысында алтын өңдейтін жасырын цех анықталды

Ақмола облысында алтын өңдейтін жасырын цех анықталды

фото: pixabay

Қаржы мониторингі агенттігі Шортанды ауданы аумағында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары барысында құрамында алтыны бар кенді өңдеуге және бағалы металдарды бөліп алуға арналған жасырын цех анықталды.

Кенді ұсақтауға және балқытуға арналған жабдық, салмағы 446 грамм алтын құймасы, 4 тонна алтын құрамды материал, 6 келі сынап, сондай-ақ 2 млн теңгеден астам және 8 мың АҚШ долларов көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленді.Тінту барысында қару мен оқ-дерілер табылды.

Заңсыз қызметке қатысы барлық тұлғалар, сондай-ақ заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі анықталып жатыр.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз