Ресейден елге бүлінген астықты алып кірмек болған

Ресейден елге бүлінген астықты алып кірмек болған

фото: https://pixabay.com/

Импортталған өнімдерден қауіпті карантиндік нысандар анықталды

Ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты кіргізуге тосқауыл қойылды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында Ресейден карантиндік және фитосанитариялық қауіпсіздік талаптарын сақтамаған 200 тоннадан астам азық-түлік астығы — бидай мен арпа анықталды.

"Импортталған өнімдерден қауіпті карантиндік нысандар, атап айтқанда үш тілімді ойраншөп, жатаған кекіре (қызғылт) және арамсояу анықталды", деп жазылған хабарламада.

Инспекторлар жедел шараларының арқасында жүктің 128 тоннадан астам бөлігі экспорттаушы елге кері қайтарылды.

Өнім иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Іс материалдары қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін сот органдарына жолданды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Жазылу