Ормуз бұғазы барлық кеме үшін жабылды

Ормуз бұғазы барлық кеме үшін жабылды

фото: Pexels.com

Иран Қарулы күштерінің Жоғарғы қолбасшылығы Ормуз бұғазын барлық кемелер үшін, соның ішінде мұнай танкерлері мен сауда кемелері үшін жабу туралы бұйрық берді. Бұл туралы Иран Қарулы күштерінің «Хатам әл-Анбия» орталық штабы мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

АҚШ-тың өз аумағына қайталанған соққылары аясында Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толық тоқтату туралы шешім қабылдады.

– Осы сәттен бастап аймақта қауіпсіздіктің болмауына байланысты Ормуз бұғазы барлық кеме түрлері үшін, соның ішінде мұнай танкерлері мен сауда кемелері үшін жабық деп жарияланады. Бұғаз арқылы өтуге жасалған кез келген әрекет соққымен тоқтатылады, – деп келтірді Иран мемлекеттік телеарнасы штаб мәлімдемесін.

Өз кезегінде Ислам революциясы сақшылары корпусы әскери-теңіз күштері бұғаз арқылы өтуге әрекет жасаған екі кемеге соққы берілгенін мәлімдеді.

Ақпарат kaz.inform.kz сайтынан алынды. 

Жазылу