Көлсайда аспалы жол салынады

Көлсайда аспалы жол салынады

фото: pixabay.com

Жалпы құны 15 миллиард теңге болатын жоба Төменгі және Орта Көлсай көлдерін байланыстырады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұзындығы 6 шақырымнан асатын туристік нысанның құрылысы биыл басталып, 2028 жылдың басында аяқталады деп жоспарланған. 

Аспалы жол бағыты Көлсай маңында салынып жатқан 500-ден аса көлікке арналған автотұрақтан басталады. Құрылыс жұмыстары арнайы технологиялар арқылы жүргізіліп, ағаш кесу қарастырылмаған. «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің мәліметінше, өткен жылы паркке 600 мың адам келген. Оның 128 мыңы –  шетелдік туристер. Жаңа нысан өңірдің туристік әлеуетін арттырып, келушілер санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Нұрым Ноянбаев, жоба жетекшісі:

Заманауи, қазіргі замандағы Кеген ауданындағы алғашқы аспалы жол. Екінші Көлсайға дейін жол салмаймыз. Бұл жерде лебедкалар арқылы тартса табиғатқа көп зиянын тигізбейді. Жақында жер мәселесі шешіліп, геологиялық зерттеу жұмыстарын бастап жатырмыз.  

Анықтама: Көлсай көлдері

Орналасуы және биіктігі

  • Көлсай көлдері Алматыдан 300 км қашықтықта орналасқан
  • Көлдер Күнгей-Алатау жотасының сілемдерінде орналасқан
  • Төменгі Көлсай көлі 1800 метр биіктікте, орташа – 2250 метр, ең жоғарғы – 2800 метр

Көлдердің ерекшеліктері

  • Саты көлі 80 метр тереңдігімен, 400 метр ұзындығымен танымал
  • Мыңжылқы көлі жарты километрден биігіректе орналасқан
  • Жоғарғы Көлсай көлі ең биікте орналасқан

Табиғи ерекшеліктері

  • Көлдердің суының түсі Күн сәулесіне қарай өзгереді
  • Көл айналасында кішкентай, аппақ қардай еңлікгүл, алқызыл түсті бұталар, қылқан жапырақты ағаштар кездеседі

Қосымша ақпарат visitalmaty.kz сайтынан алынды. 

Жазылу