Drama RAT: Жаңа алаяқтық жүйе

Drama RAT: Жаңа алаяқтық жүйе

фото: pexels.com

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы «Drama RAT»  жаңа киберқаупі туралы ескертті.  Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы  kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

Шетелдік дерек көздердің деректері бойынша зиянды бағдарламалық қамтылым танымал сервистер, пайдалы қосымшалар мен құжаттар ретінде бүркемеленіп, мессенджерлер, SMS-хабарламалар және электрондық пошта арқылы таратылады.

Алдау тәсілі ретінде алаяқтар ChatGPT, музыкалық сервистерге, VPN-қосымшаларға, Minecraft түрлендірулеріне тегін қол жетімділікті ұсынады, сондай-ақ «Декларация», «Төлем шоты» және пайдаланушылардың сенімін тудыратын басқа да құжаттар бар файлдарды таратады.

Орнатылғаннан кейін бағдарлама жаңартуды ұсынады және осы сәтте бағдарламаның негізгі зиянды бөлігі фондық режимде жүктеле бастайды. Содан кейін пайдаланушыға Android арнайы мүмкіндіктер қызметіне кіруге рұқсат беру ұсынылады.

Кеңейтілген қолжетімділік құқықтарын алған Drama RAT:

- құрылғының экранынан ақпаратты оқуы;

- логиндерді, парольдерді және бір реттік кодтарды алуы;

- пайдаланушының әрекеттерін еліктеуі;

- банк қосымшаларын басқаруы;

- құпия деректерге қол жеткізуі;

- PIN-кодты орнатуы және құрылғыны бұғаттауы мүмкін.

Жұқтыру қаупін төмендету үшін келесілер ұсынылады:

- мессенджерлер, SMS немесе электрондық пошта арқылы алынған күдікті файлдарды орнатпау;

- қосымшаларды тек ресми дүкендерден жүктеу (Google Play);

- ақылы сервистерге және күмәнді жаңартуларға тегін қол жеткізу ұсыныстарына сенбеу;

- орнатылатын бағдарламалар, қосымшалар үшін қол жеткізу құқықтарының сұратылған рұқсаттарын мұқият тексеру;

- қорғаудың өзекті құралдарын пайдалану және операциялық жүйені үнемі жаңарту.

- Қырағы болыңыз, пайдалы қосымшаны орнатып жатырмын деп ойлаған кезде киберқылмыскерлер Сіздің цифрлық өміріңіздің кілттерін алады,-делінген хабарламада.

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды. 

Жазылу