Биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады

Биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады

фото: https://pixabay.com/

Соңғы үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болды

алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде айтты.

"Мемлекет медиа саласы қызметкерлерін әрдайым қолдайды, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді. Баршаңызға мәлім, жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында тілшілер қауымына пәтер кілтін табыстау жақсы дәстүрге айналды. Соңғы үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болды", - деді президент.

Мемлекет басшысы енді бұл бастаманың ауқымын кеңейте түсу көзделіп отырғанын жеткізді.

"Әсіресе, сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды деп санаймын. Сондықтан менің тапсырмаммен осы жылы алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады. Жалпы, биылдың өзінде бүкіл еліміз бойынша ақпарат саласының 66 қызметкеріне баспана беріледі. Бәріңізге құтты болсын деймін!" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз