Алматыда заңсыз салынған базар сүрілді

Алматыда заңсыз салынған базар сүрілді

фото: https://pixabay.com/

Сауда орындары тиісті құжатсыз салынған

Алматыдағы Гоголь көшесінде орналасқан заңсыз "Береке" базары бұзылды.

Қала құрылысы бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, сауда орындары тиісті құжатсыз салынған.

Тексеру нәтижесінде нысан иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Алайда бұл талап орындалмағандықтан, нысанды сүріп тастау туралы сотқа талап-арыз жолданған.

Сот заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енгеннен кейін, нысан иесі оларды өз еркімен сүріп тастады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз