Жақында ғана Жапонияда жапон психологы Хидеки Ваданың «Сексен жастың шегінен өту» атты кітабы жарық көрді. Жаңа дүниеге оқырмандар аса қызығушылық танытты.
Сұраныстың жоғары болғаны соншалық, кітап дүкендерге түскен бойда 500 000-нан астам данасы сатылып кеткен. Енді сарапшылар алдағы уақытта туындының миллиондық бестселлерге айналатынын болжап отыр.

Фото: yandex.kz
61 жаста толған Доктор Вада қарт адамдардың денсаулығын зерттеп жүрген жетекші маман. Ол өзінің бай тәжірибесін 44 қағидаға жинақтап, 60 жастан кейінгі тыныш әрі толыққанды өмірдің құпиясын ашады.
Бұл қағидалар қарапайым көрінгенімен, терең даналыққа толы:
• Күн сайын серуендеңіз.
• Ашуланғанда, терең тыныс алыңыз.
• Қимылда болыңыз, денеңіздің тоқырауына жол бермеңіз.
• Жазда кондиционер болса да, су ішіңіз.
• Тамақты мұқият шайнаңыз — ақыл ауызбен бірге жұмыс істейді.
• Жад жасқа емес, әрекетсіздікке байланысты әлсірейді.
• Дәрілерді шамадан тыс қолданбаңыз.
• Қажет болмаса, қысымды немесе қантты әдейі түсіруге тырыспаңыз.
• Жалғыздық — оқшаулану емес, тыныштық болуы мүмкін.
• Жалқаулық — ұят емес.
• Қартайғанда жүргізуші куәлігі міндетті емес.
• Өзіңізге ұнайтынды жасаңыз, ұнамайтынды тастаңыз.
• Үйге қамалып қалмаңыз.
• Сізді бақытты ететін тағамды жеңіз — аздап салмақ қосу зиян емес.
• Сізге жағымсыз адамдармен уақыт өткізбеңіз.
• Теледидарды көп көрмеңіз.
• Аурумен үнемі күреспей, онымен өмір сүруді үйреніңіз.
• Оптимизм — ең жақсы дәрі.
• Жемістер, күн сәулесі, таза ауа — бақыттың көзі.
• Ішіңіздегіні айтып жүріңіз.
• Қажет болса, пікіріңізді өзгертіңіз — бұл қалыпты нәрсе.
• Оқуды тоқтату — қартаюдың басталуы.
• Тек шүкіршілік ету жеткілікті — күлкі сәттілік әкеледі.
• Қарттық — жүк емес, сый.
Доктор Вада бізге 60 жастан кейінгі кезең өмірдің соңы емес, қарапайымдық пен тыныштықтың бастауы екенін еске салады. Бұл — өмірге анық қарап, өзімізбен шынайы болатын уақыт.
Қысқаша:
Қарапайым өмір сүріңіз, күн сайын аздап қозғалыста болыңыз және көбірек күліңіз. Денеңіз бен жасыңызды сүйіспеншілікпен қабылдаңыз — сонда бақыттың сіз ойлағаннан да жақын екенін көресіз.
Мұны жақындарыңызбен бөлісіңіз — даналықтың жасы болмайды.
Жастарға таңданбаңыз: біз бәріміз де жас болғанбыз.
Қарттарға таңданыңыз — олар өмірді көрген, өмірді түсінген.
Таңданыңыз таңсәріде мені басып озатын қарттарға: балықшыларға, саңырауқұлақ терушілерге, саяхатшыларға!
Өзін әлі де күтіп жүрген, шашына, аяқ киіміне, ұқыпты әрі сәнді киіміне мән беретіндерге таңданыңыз.
Өмір қуанышын жоғалтпағандарға, өздерін балалары мен немерелерінен көретіндерге, ең ауыр сынақтардан кейін де арманы бар адамдарға таңданыңыз.
Жастарға таңданбаңыз! Жас болу — оңай.
Қарттарға таңданыңыз — олар мәңгі жас болып қала алды.
Ақпарат Дәурен Құдайбергеннің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.