Біздің деніміздің сау болуы күнделікті жейтін тағамдарымызға байланысты екені рас. The Lancet журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, 2017 жылы әлем бойынша 11 миллион өлім қант, тұз және өңделген етке бай диеталарды пайдаланумен байланысты болған, мұндай тағамдар жүрек ауруларына, қатерлі ісікке және қант диабетіне апарып соғады.
11 миллион өлімнің ішінде шамамен 10 миллионы жүрек-қан тамырлары ауруларынан, шамамен 913 000-ы қатерлі ісіктен және шамамен 339 000-ы 2 типті қант диабетінен болды.
Талдауға 195 ел кірді. Диетаға байланысты өлімнің ең жоғары көрсеткіші Өзбекстанда, ал ең төменгі көрсеткіші Израильде болғаны анықталды.
Тұзды көп тұтыну салдарынан Қытай, Жапония және Тайландта өлім құшқандар қатары көбейген. Дегенмен, дәнді дақылдарды аз тұтыну Ресейде, АҚШ-та, Үндістанда, Бразилияда, Германияда, Түркияда және Иранда жетекші фактор болды.

Фото: pexels.com.
Әрбір адам ұзақ жасағысы келсе, төмендегі кеңестерге назар аударғаны жөн.
Тамақ алдында су іш — жастығың ұзақ болады.
Қол терісін сарымсақ пен алоэ шырыны қалпына келтіреді.
«Ревень» тамырының қайнатпасы гепатитке пайдалы.
Ер адам жасы ұлғайған сайын пиязды көбірек жегені дұрыс.
Алма сірке суы көктамырға пайдалы.
Ашқарында сарымсақ жеу вирустардан қорғайды.
Бал, лимон және сарымсақ ентікпеге көмектеседі.
Глицерин, лимон және бал жөтелді басады.
Бал, сәбіз және шырғанақ аяқ жарасына пайдалы.
Қара шалғам шырыны ревматизмге жақсы.
Буын мен бел ауырса, түйежапырақ тұқымын қолданыңыз.
Қарбыз артрит пен подаграға пайдалы.
Аяқтағы саңырауқұлаққа қарсы шөп үстінде жалаңаяқ жүріңіз.
Қышымаға тұзды суға түсу көмектеседі.
Аскөк дәнінің тұнбасы энурезге пайдалы.
Көктерек жапырағы геморройға жақсы әсер етеді.
Аяққа лимон сүрту ауырсынуды азайтады.
Алмадағы пектин холестеринді төмендетеді.
Лимон, итмұрын, бал және тынығу фарингитке көмектеседі.
Қияр, сәбіз және қызылша шырыны тасқа қарсы пайдалы.
Желкеге жаңа желкек жапырағын басу радикулитке жақсы.
Қарбыз тамырының қайнатпасы колитке көмектеседі.
Жусан иісі безгектен қорғайды.
Асқазан бұзылса, жолжелкен жеңіз.
Қарағай шайыры аяқ ауруына пайдалы.
Фурункулез кезінде пияз жиі жеңіз.
Қызылша шырыны бүйрек тасына қарсы пайдалы.
Денсаулық үшін ара өнімдерін тұтыныңыз.
Сарымсақ, қыша және май қуат береді.
Күйікке картоп басу пайдалы.
Тұмау мен жөтелде пияз бен бал көмектеседі.
Қайың шырыны мен сүт жөтелге жақсы.
Сынық тез біту үшін жұмыртқа қабығын пайдаланады.
Ақжелкен мен сарымсақ дерматитке пайдалы.
Арша майы жараны жазады.
Қызыл беде есту қабілетіне пайдалы.
Жөке мен өгейшөп тұнбасы тұмауға жақсы.
Қияр мен сәбіз шырыны қаназдыққа пайдалы.
Артроз бен аяқ құрысуында жылы етік көмектеседі.
Ұйқы нашар болса, қырыққабат жеңіз.
Ірімшік тіс саулығына пайдалы.
Прополис тіс ауруын басады.
Сәбіз сабағы геморройға жақсы.
Көп шырын ішіп, тағамды алмастырып тұрыңыз.
Күйікке үгітілген сәбіз бен шырғанақ майын жағыңыз.
Аяқ ауырса, сүйелшөп қосылған суға булаңыз.
Сұлы қайнатпасы астмаға пайдалы.
Желкек тұнбасы бауырға жақсы әсер етеді.
Біздің топқа тіркелуді ұмытпаңыз!
Жарас Қасым.
Пайдалы ақпарат "ХалыQ емі Целительство" басылымының әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.