Демалыс күндері табиғат тосын мінез көрсетуі мүмкін

Демалыс күндері табиғат тосын мінез көрсетуі мүмкін

фото: gagarinskiymedia.ru

       Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті алдағы күндері ауа райының күрт құбылуына байланысты сақ болуға шақырады.

       «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 22–24 мамыр аралығында Алматыда және қалаға іргелес таулы аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі. Соның салдарынан тау бөктерлерінде беткейлік ағын пайда болып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

       Мамандар өзендердің тасуы мен жекелеген аумақтарды су басу қаупі бар екенін ескертеді.

       Осыған байланысты жеке тұрғын үй иелеріне арықтар мен су ағызу жүйелерін алдын ала тазалап, жаңбыр суын өткізуге дайындау ұсынылады.

       Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына алдағы демалыс күндері тауға шығудан уақытша бас тартуға кеңес беріледі. Қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау маңызды.

       Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

       Сақтық — қауіпсіздіктің кепілі. Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!

Жазылу