Жеңімпаз оқушыларға 6,5 млн теңге сыйақы беріледі

Жеңімпаз оқушыларға 6,5 млн теңге сыйақы беріледі

фото: pexels.com

Білім саласында жаңа өзгеріс енгізіліп, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жеңіске жеткен оқушыларға төленетін сыйақы мөлшері жаңартылды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы zhasalash.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

1

Фото: ашық дереккөз/zhasalash.kz

Енді оқушыларға берілетін төлемдер:

1 орын – 1500 АЕК (шамамен 6,5 млн теңге);
2 орын – 1000 АЕК (шамамен 4,3 млн теңге);
3 орын – 500 АЕК (шамамен 2,1 млн теңге).

Сонымен қатар жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдер де қаржылай марапатталады. Сыйақы мөлшері олардың базалық лауазымдық айлығына байланысты есептеледі:

«алтын» үшін – 26,5 есе;
«күміс» үшін – 17,5 есе;
«қола» үшін – 8,5 есе.

Айта кетейік, төлемдер бір реттік негізде беріледі және тек ағымдағы жылғы нәтижелерге қатысты. Бағдарлама Қазақстан азаматтарына арналған.

Жазылу